Кезекті әкімдік отырыс өтті

Кезекті әкімдік отырыс өтті

2020 жылдың 28 ақпан күні аудан әкімдігі ғимаратының үлкен залында күн тәртібіне сәйкес Жарма ауданы әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері және бірінші басшылар қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес агроөнеркәсіп кешені бойынша 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың 2019 жылдың қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттер туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М. Қасымов баяндады.

Жарма ауданы бойынша су тасқынына қарсы шараларды өткізуге дайындық жұмыстары туралы Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ.Отынбаев, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі міндетін уақытша атқарушы М.Саябаев ақпарат берді. Аудан әкімі А.Нургожин төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ.Отынбаев пен округ әкімдеріне көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қарды тазалап,  шығару жұмыстарын жүргізуді жүктеді.