
2020 жылғы 26 ақпан күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асырылу барысын таныстыру мақсатында ШҚО ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» Өңірлік орталығы» мекемесінің басшысы М.Ахметова Жарма ауданының Қалбатау ауылында кездесулер өткізді. Кездесулер Георгиевка орта мектебі, Абай-мектеп гимназиясы мен Жарма ауданының әкімдігінде өтті. Шара барысында М.Ахметова «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағыты бойынша түсінік беріп, мақсатымен таныстырды. Кездесулерге Жарма ауданы бойынша «Рухани жаңғыру» штабының жетекшісі М.Исина, Жарма ауданының білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймуратов, дербес бөлім мамандары, ардагерлер кеңесінің өкілдері, оқушылар мен ұстаздар қатысты.