
2020 жылдың 24 ақпанында Жарма ауданының әкімшілік ғимаратында, Жарма ауданы әкімі А.Нургожиннын қатысумен, кезектен тыс ХLІІІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 13 депутатының 10 депутаты қатысты, сонымен қатар аудан бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихатының сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:
1) Шығыс Қазақстан облысының ономастика комиссиясына ұсыныс енгізу туралы;
2) Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/185-VI «Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы»;
3) Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 29/252-VI «Жарма аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Жарма аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы;
5) Жарма аудандық мәслихатының қырық төртінші сессиясының төрағасы туралы.
Сессия отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер депутаттық корпусымен толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.