
2020 жылғы 25 ақпан күні «Ай» дүкенінде Жарма ауданы әкімінің орынбасары А. Ибраевтың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С. Брынзовтың, Қалбатау ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Нұрғазинованың, аудандық мәслихат депутаты Қ.Тулеубаеваның төрағалық етуімен эксперттік тобы АӘК алушы балалар үшін кепілді әлеуметтік пакеттерге тексеру жүргізді. Жабдықтаушы және жеткізуші ЖК «Садвакасова Л. Б» болып табылады.
Кепілді әлеуметтік пакет екі түрі болады. Бұл баланың жасына байланысты. Бір жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары әртүрлі пюрелерді, шырындарды, сүтті және т.б. қамтиды. Азық-түлік жиынтығын балалар ай сайын алатын болады. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, шаруашылық, иіс сабын кіретін тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылатын болады. Әр балаға бір пакеттен беріледі.
Қаңтар айында 8462,5 мың теңге сомасында 892 алушы бар 175 өтініш берушіге АӘК тағайындалып, төленді. Азық-түлік пакеттері мен гигиеналық құралдар жиынтығы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 268 балаға тағайындалған, оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі 123, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 145.
2020 жылдың ақпан айында әлеуметтік пакет тағайындалған отбасылар саны 301 балаға 176 отбасын құрады:
оның ішінде 1 - ден 3 жасқа дейін-134,
3 жастан 6 жасқа дейін-167.
2020 жылдың 28 ақпанына дейін әлеуметтік пакеттер әрбір алушыға жеткізілетін болады.