
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру» ІІІ әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ШҚОФ аймақ колледждері бойынша жатақханаларды аралау жоспарланған. Осыған орай, Жарма ауданынан құрылған «Шығыс Адалдық алаңы» аймақтық жобалық кеңсесінің өкілі, Жарма ауданы төтенше жағдай бөлімінің бастығы Қ.Отынбаев, жастар ресурстық орталығы директорының м.а М.Рамазан, Жарма аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Р.Пайзулланың Шар қаласында орналасқан «Жарма технологиялық колледжі» барып жатақхананы аралап, ғимараттың жағдайымен танысып қайтты.