Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнама

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнама

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І Өсімдіктер карантині туралы Заңын негізге ала отырып осы саладағы заңнамаларға тоқтала кетейік. Өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) – Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині салкасындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзгеде нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Жеке және заңды тұлғалардың карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің әкелінуінің және (немесе) таралуының алдын алу жөніндегі міндеттері;

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұқамаларын сақтауға және орындауға;

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуі бойынша карантинге жатқызылған өніммен карантинді объектілердің бар екендігі туралы мәлеметтерді табыс етуге;

Егістікті, аумақты, карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймаларды жүйелі тексеріп отыруды қамтамассыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнімді тексеру және сараптамадан өткізу үшін ұсынуға;

Карантинді объектілер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге;

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде кедергілер жасамауға;

Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулауды және жоюды жүргізу кезінде жәрдем көрсетуге;

Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізіліп, оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізуге;

Енгізілген уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралардың талаптарын сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасы өсімдіктер карантині саласындағы заң бұзушылықтарына қарсы әкімшілік іс-шаралар  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400 – 462 баптарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

ҚР АШМ АӨК МИК Жарма аудандық аумақтық
Инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы                              
Заманиянов Қуаныш Нұрболатұлы