
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары): "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www. egov. kz, (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде."Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 6 (алты) күн, оның ішінде:
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 4 (төрт) жұмыс күні;
өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 (екі) жұмыс күні. Қажетті құжаттардың тізбесі: 1) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; "бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге және есептік нөмір беруге өтініш; 2) меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын немесе жалдау шарты құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі; 3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы; 2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы; 3) ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден уәжді бас тартады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 тамызда № 11898 болып тіркелді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011898
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы
Бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы: Махметов Нұржан Маратұлы