2020 жылғы 17 ақпанда су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша ТЖ оқу-жаттығуы өтті. ТЖ қызметтерін, соның ішінде өртке қарсы, медициналық, байланыс, ТКШ, АІІБ, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, ветеринария, ДЭУ-28, "Жарма су" КМК, аудан әкімдігі ТЖ жөніндегі аудандық комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Талғат Мұратов танысты.
Бұдан кейін аудан ТЖБ бастығы Қабдылғабит Отынбаев Қалбатау ауылында Қалматаев және Келденов көшелерінің қиылысындағы көпірдің жанында қардың қарқынды еруі нәтижесінде Ханым өзеніне су құйылғандықтан, соған байланысты жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу, суды сору, су өткізу құрылыстарын тазалау және ТЖ жою жоспарына сәйкес басқа да іс-шаралар жүргізуді қажет етеді. Оқу-жаттығу барысында су тасқынын жою бойынша ТЖ қызметтерінің өзара іс-қимылы пысықталды.