Қысқы мал азықтарын өрттен сақтаңыздар

Қысқы мал азықтарын өрттен сақтаңыздар

Шөп, сабан және басқа да жем өте тез тұтанатын және өрт қаупты материалдар болып табылады.

Дайындалған жем-шөптердің жану мүмкіндігін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ұсынамыз.

Шөп жинау орындарында темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол бермеңіздер.

Балалардың отпен ойнауына жол бермеу туралы әңгіме жүргізіңіз.
- қора мен басқа да шаруашылық құрылыстардың төбесінде;
- электр беру желілерінің астында;
- учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта;
- көшелерде, жолдарда, үй жанындағы учаскелерден тыс жерлерде шөп жинауға жол берілмейді.

Тұрғын үйлердің үй-жайлық учаскелерінде ірі жем-шөп жинау ғимараттарға және аула құрылыстарына дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі азықтарды жинау мүмкін болмаған жағдайда, жинау орнын кемінде 500 литр су құйылған қосымша сыйымдылықпен қамтамасыз ету шартымен қашықтық 5 метрге дейін қысқартылады.

Ірі азықтарды жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспауы тиіс.

Шөп қорада электр жабдықтары болған жағдайда электр сымдары оқшауламасының бүтіндігін қамтамасыз ету қажет.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметті шақыру қажет.

Мүмкіндігінше қолда бар құралдармен сөндіруге кірісуге, адамдар мен жануарларды оттың таралуы мүмкін аймақтан эвакуациялауға болады.

Жарма ауданы ТЖБ-мі