
Балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттер, өкінішке орай, сирек емес. Мұндай өрттердің соңы өте қайғылы болуы мүмкін. Барлық кішкентай балалардың ықтимал қауіптілігін толық түсінбестен отқа деген қызығушылықтары арттылуда.
Балаларды қорғау үшін не істеу керек:
- балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтыңыз;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз;
- сіріңкелерді балаларға қолжетімді жерде қалдырмаңыз;
- балаларға пештерді, газ плиталарын жағуды, тұрмыстық электр аспаптарын өз бетінше қосуды тапсырмаңыз;
- балалардың от жақпауын қадағалаңыз;
- үйден шыққанда жас балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
- баланың бос уақытын қызықты өткізіңіз.
Баланы өрткезінде дұрыс әрекет етуге үйретіңіз.
Өрт немесе жану белгілері (түтіндеу, жоғары температура, күйік иісіжәне т.б.) анықталған кезде кезкелген жастағы бала тез арада үй жақтан шығуы тиіс.
Өрт туралы ересектерге немесе өрт күзетіне "101", "112" бірыңғай құтқару телефоны бойынша хабарласу керек.
«Тыйым салынған жеміс тәтті!» дегендей, балаға оны сіріңке қорабындағы күтіп тұрған қауіп туралы, тағы бір рет түсіндіру қажет.
Балалардың осы кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. Жеке үлгісімен балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйретіңіз. Біздің балаларымызға үлкен қамқорлықпен ғана біз балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын аламыз, өз үйімізді, мүлігімізді және ең қымбатын – баланың өмірін сақтай аламыз.
Жарма ауданы ТЖБ