Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 1-бабы, 6-тармағына...

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 1-бабы, 6-тармағына...

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 1-бабы, 6-тармағына сәйкес карантинді объект – өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантинді объектілердің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп. ШҚО, Жарма ауданында карантиндік объектілердің 2 (екі) түрі таралған. Олар: жатаған у кекіре және арамсояу. Осы аталған карантиндік объектілер ауылшаруашылық дақылдарына айтарлықтар зиянын тигізеді. Карантиндік объектілер тараған аймақтар орын алған жағдайда оларға карантиндік режим орнатылып, карантиндік аймаққа енгізіледі. Карантиндік объектілерге қарсы күресу шаралары: химиялық және агротехникалық болып бөлінеді. Жарма ауданында карантиндік объекті жатаған у кекіре АШТӨ (ауылшаруашылық тауар өндірушілердің жерінде) және мемлекеттік жер қорында таралған. Ал арамсояу облыстық маңызы бар Шар-Шалабай автожолында таралған. АШТӨ өз жеріндегі карантиндік объектілермен осы Заңның 18-бабына сәйкес өз қаражат есебінде жүзеге асырылады, ал мемлекеттік жер қорына Республикалық бюджеттен химиялық өңдеу шараларын жүргізу үшін гербицид бөлінеді. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілерге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру нұсқамасына сәйкес әрбір жеке тұлғаға және заңды тұлғаға оның қаржылық, ұйымдастырушылық жағдайын есекере отырып және Кәсіпкерлік Кодекстің 152-1 бабына сәйкес кем дегенде 10 жұмыс күнге нұсқама беріледі. Нұсқама орындалмаған жағдайда әкімшіліқ хаттама толтырылып әкімшілік іс сотқа беріледі.  Өсімдіктер карантині саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық ҚР ӘҚБтК 400- бабына сәйкес жүргізіледі.