Жеке меншік шаруашылықтарда шөпті жиюдың тәртібі

Жеке меншік шаруашылықтарда шөпті жиюдың тәртібі

Отау және сабан шөптерді жинау, сақтау кезінде өрттердің негізгі шығу себептері болып: тұрғындардың және балалардың абайсызда өрт шығарып алуы, комбайн және тракторлардан шыққан от ұшқындары болып табылады.

Отау және сабан шөптерді үйю және  қолдану кезінде өрттерден сақтау үшін төмендегідей ережелерді орындау керек:

  • Шабылған шөптерді жақсылап кептіріп, содан кейін шөмілелерге жиып 10-12 күн шөміле түрінде сақтап, мая қылып үйю керек;
  • Отау шөпті 20х5х4 метр өлшемде негізгі соғатын желдің бағытына көлденең орналастыру керек. Бұл отау шөпті желдету және жиналған жылуды қоршаған атмосфераға еркін өткізуін қамтамасыз етеді;
  • Жеке тұрғын үйдің бау-бақшаларында жемшөптерді жию кезінде ғимараттан және есік алдындағы шаурашылық құрылыстарынан 15 метрден кем емес арақашықтықта орналастырылады. Егер жемшөпті ондай қашықтықта орналастыру мүмкін болмаса онда сыйымдылығы 500 литрден кем емес қосымша сумен қамтамасыз ету арқылы арақашықтықты 5 метрге дейін қысқартуға болады.
  • Рұқсат етілмейді:
  • Қораның және басқа да шаруашылық құрылыстарының төбесіне шөпті үйюге;
  • Электр сымдарының астына шөптерді үйюге;
  • Учаскінің сыртық қоршауынан 3 метрден кем емес арақашықтықта үйюге;
  • Жемшөпті, отау шөпті көшеге, жол бойына және үйдің учаскесінен алшақ қоюға.

Жемшөпті тасымалдау Радиатордың астына шығарылған трубалар қойылған және ұшқын өшіргішпен арнайы жабдықталған көліктермен жүзеге асырылады.

Жемшөпті тасымалдайтын көлік құралдары екі ұнтақты өрт сөндіргіш құралдарымен қосымша жабдықталады.

Шөпті үйген кезде шөптің биіктігі жерден бастап 4 метрден биік емес етіп үйілу керек.

Жарма ауданының ТЖБ-мі