«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

Тақырып: «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?»

БЖЗҚ 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін өткізеді

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері үздіксіз инвестицияланады және салымшыға жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде ғана 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі таза инвестициялық табыс есебінен зейнетақы жинақтарының өсімі 1,4 трлн теңгеге жетті. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%.

Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.  

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Ұлттық банкпен қатар 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алатынын айта кетейік. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алған соң ИПБ да оларды рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз.

Зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келе ме? 28 маусымда сағат 10:00, 12:00, 14:00 онлайн форматта  өтетін іс-шарамызға қосылыңыз.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сағат 10:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eeee6c2972f29f2f35a693649f1fc33cc  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2519 471 1934 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 12:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e956d154835d9d674767e29ab368c6b4e  одан кейін event-мәжіліс нөмірін 2519 300 5831 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 14:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ee65668f5eb76cf653239adca93f7ced8  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2517 728 9055 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022.

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және Ашық есік күніне қатысқысы келетіндердің барлығын күтеді!