
Тауар таңбасын тіркеуге өтінім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама ұйымы ("Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК) арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беріледі www.egov.kz.
"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беріледі www.egov.kz .
Өтінім бір тауар белгісіне қатысты болуға тиіс.
Өтінімде мыналар болуы тиіс:
- өтініш берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгіге сараптама жүргізу туралы өтініш;
- мәлімделетін белгі;
- тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер тізбесі.
Өтінімге қоса берілуі тиіс:
- сараптама жүргізу үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;
- ұжымдық тауар белгісін өз атына тіркеуге уәкілетті ұйымның атауын, осы белгіні тіркеу мақсатын, осы белгіні пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін, ұжымдық тауар белгісімен белгіленетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен Бірыңғай қасиеттерін немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оның пайдаланылуын бақылау тәртібін, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерін бұзғаны үшін жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар белгісінің жарғысы (ұжымдық тауар белгісіне өтінім берілген жағдайда).
Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, онда өтініш беруші бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
Өтінім берілген күн жоғарыда көрсетілген тармақтардың талаптарына жауап беретін өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күн бойынша, егер көрсетілген құжаттар бір мезгілде ұсынылмаған жағдайда - ұсынылған құжаттардың соңғысы келіп түскен күн бойынша белгіленеді. Өтінімді ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК - ға немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы беруге болады. Өтінім мен оған қоса берілетін құжаттарды қазақ тілінде де, орыс тілінде де ұсынуға болады.
Содан кейін үш кезең жүреді: алдын-ала сараптама, толық сараптама және тауарлық белгіні тікелей тіркеу.