Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Электр жүйелерін тексеріңіздер,- жарамсыз ба әлде жарамды ма. Егер жарамсыз болса электр жүйесін жақсы білетін адамды шақыруларыңыз керек. Өздеріңіз ешқандай өндіріс қорғау жұмыстарын жасамаңыздар.
Әрқашан электр құралдарымен қолданып болған соң, өшіруді ұмытпаңыздар!
Естеріңізде сақтаңыздар теледидар тез лаулап жанатын перделер мен перде ілгіш гардиндердің қасында және үй жылытатын құралдардың қасында тұрмауы керек.
Қабырға жиһаздарына теледидар, радиосөйлегіштер орнатып қоймаңыздар, бұл өте қауіпті.
Теледидардың үстін жаппаңыздар, корпустың вентиляциясына қауіп төндіреді.Қосулы тұрған теледидарды қараусыз қалдырмаңыздар, көрмесеңіздер тоқтан шығарып қойыңыздар. Егер теледидар күйген болса, өшіріп, сулы матамен жауып қойыңыздар.
Ал, күнделікті тұрмыстық құралдарға (үтік, электржылытқыш) келсек, естеріңізде сақтаңыздар: олар үзіліс сақтап жұмыс жасау керек
Жарма ауданының ТЖБ-мі