Лесной пожар

Лесной пожар

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманды ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.

Өрттің 90% - адамның күнәсінан, 7- 8% -   найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, 2-3% - басқасебептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады. Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Ормандағы өрт жану жиілігі бойынша әлсіз, орта және күшті, ал жану сипаты бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді.Орманда жүргенде есіңізде болсын: Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;  Абай болыңыз!          

Жарма ауданының ТЖБ-і