"Спорт - біздің серігіміз!"

"Спорт - біздің серігіміз!"

«Жарма ауданы әкімдігінің "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің Шар қаласы бойынша филиалының мамандары қаланың спорт кешенінде "Балалар жылына" орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында "Спорт - біздің серігіміз!" атты спорттық жарысты ұйымдастырып, өткізді.        

Бұл жарысқа аудан бойынша төрт аймақ қатысты: Қалбатау ауылы, Шар қаласы, Жанғызтөбе және Ауэзов кенттерінен. 

Жарыстың ашылу салтанатында Шар қаласының әкімі Р. Кыдырбаева,

"Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Жанаков және орталық директоры К.Тулеубаева барлық қатысушыларды құттықтады, сонымен қатар демеушілерге ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

Барлық балалар жарысқа белсенді  қатысып, көтеріңкі көңіл күйде болды.

Жарыс соңында барлық жеңімпаз командалар грамота және сыйлықтармен марапатталды.