
«Жарма-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі К. Тулеубаева Шар қаласының ШҚО білім басқармасы «Жарма технологиялар колледжі» КММ-не монторинг жүргізді.
Колледжде 2021-2022 оқу жылында – 175 студент білім алады.
Қазіргі таңда колледж;
07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
071505500 «Дәнекерлеу ісі» (түрі бойынша)
084110000 «Ветеринария»
07230100 «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» жұмысшы біліктіліктері бойынша кадрлар даярлайды.
Әр жылы талапкерлерді қабылдаудын 100% орындалған.
Жаңа 2022-2023 оқу жылына 8 мамандық бойынша 105 орынға тапсырыс беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар колледжде 150 орындық асхана жұмыс істейді. Асханадан 1 уақыт аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тамақтанады, ал жатақханада тұратын балаларға 4 уақыт тамақ қарастырылған.
Колледждің материалдық-техникалық базасы мемлекеттік стандартқа сәйкес жабдықталып, 260 бала оқытуға арналған. Материалдық - техникалық қамтылуы - 60%. Колледж ғимараты оқу корпусынан, 28 оқу кабинеттерінен, оның ішінде 5 зертхана, 8 шеберхана, 8 арнайы пән оқыту кабинеттері, 7 жалпы пәндер оқыту кабинеттері бар. Сондай-ақ 150 орындық асханадан (177,5 шаршы метр), типтік спорт залынан (274 шаршы метр), мәжіліс залынан (204,2 шаршы метр), екі 60 орындық жатақханадан, кітапханадан тұрады. Колледж ғимаратының жалпы ауданы 4881 шаршы метр.