Кезекте тұрған азаматтарға және бүгінгі күні кімге берілген тұрғын үй және жер учаскелерін беру жұмыстарына мониторинг

Кезекте тұрған азаматтарға және бүгінгі күні кімге берілген тұрғын үй және жер учаскелерін беру жұмыстарына мониторинг

«Жарма-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі К. Тулеубаева кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй беру бойынша мониторинг жүргізді.

Бүгінгі күнде Жарма ауданы бойынша  тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде 690 адам тұр.

2021 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етілген азаматтар;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы атбасылар санаты-29 адам.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынысыз қалған балалар санаты-1.

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаты-8. Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты-1.

2022 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етілген азаматтар;

Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты-3. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаты-7.