Көктемде жұқа мұз жапқан су айдынының бетіне шығу өте қауіпті. Алайда жыл сайын көп адамдар сақтық шараларына назар аудармай жұқа мұз бетіне шығады, сол арқылы өз өмірлеріне қауіп төндіреді.
Білу керек:
- Адам үшін қауіпсіз мұз тұщы суда кемі 10 сантиметр және тұзды суда кемі 15 сантиметр қалыңдық болып саналады.
- Өзен сағалары мен ағындарда мұздың беріктігі әлсіреген.
- Мұз тез ағатын жерлерде, су кілті мен су ағатын жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аудандарда, ағаштарға, бұталарға және қамысқа жақын жерлерде берік емес.
-Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, және ол кем дегенде үш күнге созылса онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.
-Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: мұз көк түсті болса - берік, ақ түсті болса -оның беріктігі 2 есеге кем, сұр, күңгірт-ақ немесе сарғыш реңкті болса мұз сенімсіз (әлсіз).
Суық суға құлаған жағдайдағы іс-әрекет:
-Үрейленбеңіз, шұғыл қимыл жасамаңыз, тыныс алуды тұрақтандырыңыз.
-Қолды екі жағыңызға жайып, мұздың шетіне ілуге тырысыңыз.
-Кеудемен мұз шетіне жақындап, алдымен бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды мұзға шығаруға тырысыңыз.
-Егер мұз берік әрі жылтыр болса, мұздың үстімен жағаға қарай жүзіңіз. Кері келген бағытыңызға қарай жүріңіз, себебі ол жақта мұз тексерілген.
Егер сіздің көмегіңіз қажет болса:
-Кез келген ұзын таяқпен, тақтамен немесе арқанмен қаруланыңыз. Шарфтарды, белдіктерді немесе киімдерді байлап біріктіруге болады.
-Бұл ретте қол мен аяқты кең қойып, құтқару құралдарын өз алдына итеріп, далаға қарай абайлап қозғалу керек.
-Судағы адамнан бірнеше метр қашықтықта тұрыңыз, оған арқанды, киімнің ұшын лақтырыңыз, таяқ немесе сырық беріңіз.
-Зардап шегушіні мұзға абайлап шығарып, қауіпті аймақтан еңбектеп шығыңыз.
-Келген жаққа еңбектеңіз.
-Зардап шегушіні жылы жерге жеткізіңіз. Оған көмек көрсетіңіз: дымқыл киімді шешіңіз, денені (тері қызарғанша) жан-жақты уқалаңыз, зардап шегушіге ыстық шай ішкізіңіз.
Жарма ауданы ТЖБ-і