2022 жылдың 11 наурызында аудан әкімшілігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңынына сәйкес, жаңадан қалыптастырылған Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Аталған заң талаптарына сай, Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. 2022 жылдың 4 наурызында өткен Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясында ауданның Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілген. Келесі үш жыл мерзімінде осы құрылған құрамда Қоғамдық кеңес өз жұмысын атқаруға тиіс.
Кеңестің бірінші отырысына аудан әкімі Нурымбет Аманович Сактаганов, аудандық мәслихат хатшысы Мейрхан Мелисович Оспанбаев, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты, Жұмыс тобының жетекшісі Маденият Капарович Каримов отырысты ашып, күн тәртібін бекітті.
Күн тәртібінде ең бірінші мәселе кеңестің төрағасын сайлау болғандықтан, төрағаның лауазымына танымал аудан тұрғыны, ауданымздың «Қалба тынысы» газетінің бас редакторы Кайрат Кадесович Жаксыбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Ұсынысты кеңес мүшелері мақұлдап, бірауыздан К.Жаксыбаевтың канидатурасын төрағалыққа қабылдады. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі кеңестің Ережесі мен Президиум құрамы бекіді.
Кеңес отырысының аяғында, аудан әкімі Н.Сактаганов жаңадан құрылған кеңес мүшелерін құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік, эконимакалық, қоғамдық, басқада салаларда кеңес мүшелелерімен бірігіп жұмыс жасауға дайындығын айтты.
Қоғамдық кеңес құрамы:
|
№ |
Аты-жөні |
Лауазымы |
|
1 |
Жаксыбаев Кайрат Кадесович |
Кеңес төрағасы |
|
2 |
Абдрахманов Мауткан Курманбаевич |
Кеңес мүшесі |
|
3 |
Ақзамов Данияр Тоқанұлы |
Кеңес мүшесі |
|
4 |
Белдеубаев Рамазан Кенжеханович |
Кеңес мүшесі |
|
5 |
Жангубекова Елеусиз Кусмановна |
Кеңес мүшесі |
|
6 |
Кумаров Талгат Кажмухаметович |
Кеңес мүшесі |
|
7 |
Мусагитов Құрманғазы Айтқазыұлы |
Кеңес мүшесі |
|
8 |
Рахимжанов Канат Серикович |
Кеңес мүшесі |
|
9 |
Сейтказина Назым Кубайдуллаевна |
Кеңес мүшесі |
|
10 |
Имангалий Нургуль Алтынгазыевна |
Кеңес хатшысы |