Су тасқыны кезіндегі халықтың іс-қимылы

Су тасқыны кезіндегі халықтың іс-қимылы

Көктемгі мезгілде елді мекендердегі су тасқынының нәтижелеріндегі болатын адам арасындағы шығындар, муниципалды және меншікті жеке құрылыстардың қирауы, көп материалдық зиян келтіру мүмкін. Су тасқынын болжамдауға, яғни ескертуге болады. Су тасқынының болуы туралы болжамды алған кезде халық сиреналар арқылы, радио, телевидения арқылы және басқадай құралдар арқылы хабарландырылады. Тасқын туралы ескерту алған кезде жақындарыңа, көршілеріңе хабарлаңыздар, жасы үлкен және ауырып жатқан адамдарға жәрдем жасаңыз.
Хабарламада су басқан жер туралы, уақыт туралы, эвакуация туралы мәлімет беріледі.
Эвакуацияның алдында өз тұрғын үйіңізді сақтау үшін:
- су, газ электр құбырларын;
- пештегі отты сөндіріңіз;
- қымбат заттарды жоғарғы қабаттарға апару керек;
- терезелер мен есіктерді жабу, қажеттілік еткен жағдайда– бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтаймен қаптаңыз.
Эвакуация басталу туралы сигнал алған кезде өздеріңізбен:
- құжаттарды буып - жиналған түрде, қымбат заттарды, дәрілерді алу;
- ауа райына сай аяқ киім және бір қабат киім алу;
- бірнеше күнге азық түлік, тамақ алуыңызға қажет.
Хабарланған эвакуациялық пунктіне барыңыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і