Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқының ұлттық мерекесі. Мейрам кезінде міндетті түрде құймақтың түр түрі пісіріліп, дастарханға қойылады.
Құймақ – шеңбер тәрізді, яғни күн пішінін бейнелейді. Сондықтан да, күннің, көктем мен жылылықтың символы, мерекенің бұлжымас белгісі.
Алайда масленица кезінде тек тағамдар пісіріліп қана қоймайды, сонымен қатар би билеп, ән айту, бір-бірінің үйіне қонаққа бару сынды салттар да бар.
Масленица – бір күн емес, апта бойына тойланатын мереке. Әрі әр аптаны тойлаудың өзіндік ерекшелігі болады. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналады, сәрсенбі тәтті тамақ пірісірілсе, бейсенбі серуенге, яғни қыдыру басталады, ал жұма қайынененің үйіне қонақта болса, сенбі қайынапа шаңырағында отырыс, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталады. Яғни биыл мереке 28 ақпаннан басталып, 06 наурызға дейін созылады.
Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп деп ұрандатта жылдағы дәстүр бойынша масленницаның «Қар әйелдің» тұлыбы жасалып жағылды. Шара көңілді ән айту, өткенді жақысылпен еске алу және болашаққа деген сеніммен, мерекелік отырысқа ұласты.