Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып

Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып

Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мерейлі мереке қарсаңында Достық үйінде қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген аналармен кездесу болып өтті. Шара барысында Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Матанов аналарға деген жылы құттықтау лебізін білдірді.
Бұдан соң Достық үйінің директоры Б. Самежанова құттықтау сөз сөйлеп, аналарға сыйлықтар табыс етті.
Әлемдегі жақсылықтың көзі, адамдық қасиет, ақ тілек, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасатынын түйіндеген мереке көңіл тербететін әсем әнмен аяқталды.