
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні - ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл мереке түрлі ұлт өкілдері мен тұрғындар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді халқымыз қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Ерекше алғысты құқық қорғау, медицина, білім, азаматтық қорғаныс қызметкерлеріне және өз елінің шынайы патриоты бола білген әрбір белсенді азаматтарға айтқым келеді.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Сіздерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!