
«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды:
Мекеме басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық) және тиісті салада кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Функционалдық міндеттері:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Жастар ресурстық орталығының жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жұмысына басшылық етеді.
Жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды ұйымдастырады.
Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.
Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жастар орталықтары қызметін үйлестіреді және олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.
Жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдеседі.
Бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамытады.
Жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдеседі. Жастарға психологиялық көмек көрсетеді, психологиялық тренингтер мен сабақтар ұйымдастырады және өткізеді. Жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсетеді, құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастырады және өткізеді.
Жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдеседі.
Жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдайды және дамытады, волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асырады.
Жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз етеді және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдеседі. Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі, олармен бірлескен жобалар мен бағдарламалар әзірлейді және қызметін ақпараттық сүйемелдейді.
Жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен бағалауды жүзеге асырады. Жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады және өткізеді.
Қызметкерлердің жұмысы үшін қажетті жағдайларды, жұмыс сапасын бағалауды қамтамасыз етеді.
Ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру, материалдық, қаржы және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдық-техникалық, экономикалық және кадрлық мәселелерді талдайды және шешеді. Атқарылған және ағымдағы қызмет туралы есептердің дайындалу үрдісі мен сапасына бақылауды, нәтижелерді талдауды ұйымдастырады.
Есепшімен бірге ресурстық орталықтың шығыстары мен кірістерін болжауды жүзеге асырады. Қызметті тұтынушылармен және басқа мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде қызметтердің сапасына, қаражаттардың тиімді жұмсалуына толық жауапкершілік алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілік алады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, ұйымның бейінін, мамандануын және ерекшеліктерін, жастар саясаты саласындағы негізгі үрдістер мен бағыттарды, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды, салық заңнамасының негіздерін, еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және тағы басқа Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімдерде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үшін қажетті құжаттар аудандық «Қалба тынысы» газетінде хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі 105, «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Байланыс телефондары: 872347/61816, 872347/65496, электрондық мекенжай: a.omarov@akimvko.gov.kz.