Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі бастамаларының бірі болып анықталған. Құқық бұзушылықпен күресудің қандай да бір аспектілері әр түрлі деңгейлерде талқыланса да, өршу белгілерінің бірі міндетті түрде ол болып табылады.
Жарма ауданының ТЖ бөлімінің және № 32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар жариялау және сөз сөйлеу арқылы сыбайлас жемқорлықпен және оның көріністерімен күресу ісіне белсенді қатыстады. № 32 өрт сөндіру бөлімінің Шар қаласы мен Әуезов кентінің өрт сөндіру бекеттерінің бөлімшесінде қол жетімді жерлерде "Сыбайлас жемқорлыққа - жоқ", "Сыбайлас жемқорлық - зұлымдық" атты көрнекі жадынамалар бар. Кәсіби оқу шеңберінде жеке құраммен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын зерделеу бойынша сабақтар үнемі өткізіледі, сондай-ақ ай сайын "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбына бейнероликтер көрсетіледі.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да саяси дамуына қарамастан өмір сүруді жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тоқтатады. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Біз, Жарма ауданы ТЖ бөлімінің және № 32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз.

Жарма ауданының ТЖБ-і