Фитосанитарлық бақылау бекеті

Фитосанитарлық бақылау бекеті

Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамассыз ететін Кеден одағының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 Комиссия шешіміне сәйкес «Фитосанитарлық бақылау бекеті» - Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктеріндегі өсімдіктер карантині пункті. Арнайы материалдық-техникалық жабдықтармен құралдармен қамтамассыз етілген. Шығыс Қазақстан облысы аумағында Ресей Федерация шекарасында 4 (төрт) фитосанитарлық бақылау бекеті бар. Ауыл, Жезкент, Байтанат, Уба. Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына енгізіліп келе жатқан әрбір карантинге жатқызылған өнімдер карантиндік фитосанитарлық бақылауға жатады. Осы карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік жәй-күйін көрсететін құжат фитосанитарлық сертификат деп аталады. Бірінші реттік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) келесідей бақылау шараларын ұйымдастырады;

  • Құжаттық тексеріс
  • Көлік құралдарын тексеру
  • Карантинге жатқызылған өнімді қарап тексеру- фитосанитарлық тәуекелділігі жоғары карантинге жатқызылған өнімдер
  • Залалсыздандырудан кейінгі карантинге жатқызылған өнімдерді тексеру.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарадағы өткізу пунктерінде орналасқан фитосанитарлық бақылау бекеттері (ФББ) импорттық, экспорттық, транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитарлық карантиндік бақылау (қадағалау) жұмыстарын атқарады.

Қ.Н. Заманиянов

Бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі

мемлекеттік инспекторы

ҚР АШМ АӨК МИК Жарма аудандық аумақтық инспекциясы