Тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстар

Тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстар

Өрттердің көп бөлігі жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы орын алады, олардың негізгі себептері жылыту пештері мен электр жабдықтарының ақаулығы болып табылады.

Тұрғын үй секторында өрттерді азайту мақсатында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.  Профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде жеке үйлердің иелеріне өрт статистикасы, олардың пайда болуының негізгі себептері келтіріледі, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жазылған ұсыныстардың түбіршектері беріледі, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметті шақыру үшін 101 немесе 112 телефондарын еске саламыз.

Жылыту пешінің ақаулығы өртке ғана емес, сонымен қатар улы газбен улануға да алып келеді. Бітелген түтіндік, күйіктер, пеш конструкциясындағы жарықтар тұншықтырғыш газбен улануға әкеп соқтыруы  мүмкін.

Тұрғын үй секторында алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде Жарма ауданы ТЖБ және Қалбатау ауылының №32 ӨСБ, Шар қаласының №49 ӨБ және Әуэзов кентінің №50 ӨБ қызметкерлері жеке үйлердің әрбір иесіне өрт статистикасы, өрттердің негізгі себептері туралы, пеш пен электр жабдығын пайдалану кезіндегі негізгі талаптар туралы ақпаратты жеткізеді.

Үгіт-насихат іс-шараларды өткізу арқылы қызметкерлер өздері жүргізіп жатқан жұмыстар тұрғындарды бей-жай қалдырмайды деп үміттенеді.

 

Жарма ауданы ТЖБ-і