«Ашық әкімдік»

«Ашық әкімдік»

«Жарма-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі К. Тулеубаева Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы «Ашық әкімдік» жұмысының кеңсесіне мониторинг жүргізді. Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы «Ашық әкімдік» 2020 жылдың 4 тамызы ашылды.

«Ашық әкімдік»- мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыс атқарады.

Бұл жоба- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшу туралы тапсырмасы негізінде жүзеге асып отыр.

Басты мақсат- халыққа қолжетімді қызмет көрсету, азаматтардың өтініштерін бір терезе принципі бойынша қабылдау.

 «Ашық әкімдік» жобасы 4 қағидатына негізделіп жүргізіледі:

- Ашықтық (қызмет көрсету кезінде жемқорлық тәуекелдерінің азаюы);

- Қолжетімділік (халыққа кедергісіз қызмет көрсету);

- Қызмет сапасы (ыңғайлы электронды кезек жүйесі);

- Ыңғайлылық (залда қызмет алуға барлық жағдайлар жасалған).

 Қазіргі таңда «Ашық әкімдік» кеңсесі 956 өтініш қабылдаған.