«Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі

«Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі

«Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бахытқызы Жарма ауданына жұмыс сапары барысында Қалбатау ауылындағы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ және «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау жүргізді.
Жарма ауданы білім бөліміне қарасты 38-мектеп, 6-балабақша, 2-қосымша білім беру мекемесі бар. Оның ішінде автономды жылыту жүйесімен қамтылған 25 мектеп, 2 балабақшада барлығы 65 от жағу қазандығы орналасқан.
Білім беру мекемелерін қысқы маусымға дайындау барысында от жағу қазандықтары, ішкі және сыртқы жылу жүйесі техникалық байқаудан өткізілген. Білім беру мекемелерінің техникалық байқау кезіндегі ақаулықтар және ауыстыруды қажет ететін от жағу қазандықтары, су айналдырғы қондырғылары, электрлі қозғалтқыштары туралы берілген сұраныстар қарастырылып, жұмыстар атқарылуда.
2021-2022 жылдардың жылу беру маусымына барлығы 8 701 тонна қатты отынға облыстық бюджеттен қаражат қарастырылған. Барлық білім беру мекемелерін қатты отынмен қамту бойынша, білім беру мекемелері мен жабдықтаушы ЖК «Семья и К.», «ТОО Толағай», «КХ Алим», «Семей Әлинұр» арасында келісім - шарт жасалып, бүгінгі таңда тасымалданған қатты отын көлемі 8 701 тонна, 100% құрайды.