Хабарландыру         

Хабарландыру           

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – МКҚБ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Елордамызда орналасқан аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні МКҚБ-дағы бос полицей лауазымдарын кешенді, әрі сапалы жасақтау мақсатында ІІМ-нің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына сәйкес («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде бар) конкурстық негізде жұмысқа қабылдау жүргізіліп жатыр.

Полицейлерге қойылатын талаптар – 35 жастан аспаған, міндетті орта білімді, әскер қатарында болған (немесе отбасы жағдайына және жасына байланысты әскер қатарына шақыртудан босатылған), денсаулығы жақсы және бойы 170 см кем емес азаматтар ерікті негізде қабылданады.

Қазіргі таңда МКҚБ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 Қаулысына сәйкес ай сайынғы тұрғын үй төлемдері (әр отбасы мүшесіне 56016 теңге көлемінде) қарастырылған.

Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы Сырдария көшесі 16, байланыс телефондары: 8 (7172) 57-90-50, 76-88-50, 8-702-768-58-62, 8-702-236-36-33.