
Жарма ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету мақсатында 2021 жылдың 30 қыркүйегінде пулл спикерлерлері Жастар үйі ресурстық орталығында дөңгелек үстелөткізді. Іс-шараға аудандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық ағартушылық штабының жетекшісі М. Исина қатысты.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қаіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басылымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Заң аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада іске асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан да кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсендік танытуымыз қажет екендігі туралы ескертіліп, пулл спикері А. Асаубаева сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған стикерлерді таратты.
Алдағы уақытта осы жұмыс өз жалғасын табады.