Облыстық семинар өтті

Облыстық семинар өтті

Жарма ауданында халықты вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне арналған семинар өткізілді. ZOOM режимінде өткен шараға Жарма, Глубокое, Бородулиха, Шемонаиха ауданы, Риддер және Курчатов қалалары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ медицина қызметкерлері қатысты.

Семинарды кіріспе сөзбен ШҚО бойынша облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Эльмира Рахимбаева ашты.

Жарма ауданы әкімінің орынбасары А. Ибраев өз сөзінде тұрғындарды вакцинациялауда аудан басшылығының өкілетті органдармен бірлескен жұмысы туралы баяндап өтті.

Семинар қатысушыларына Жарма аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерік Исабеков, Шар қалалық ауруханасының эпидемиолог-дәрігері Гүлназ Жұмағазы, Жарма ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы Сәния Абдрахманова, Әуезов кентінің әкімі Ержан Сасенов осы бағыттағы өз ұжымдарының жұмысы туралы ақпарат берді.

Бұдан әрі пікір алмасумен жалғасқан семинар жұмысын  ШҚО бойынша облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары  Э. Рахимбаева қорытындылады.