
Ашық бюджеттердің интерактивті картасы базасына барлық мекемелер бюджеттерінің сапалы енгізілуіне мониторинг жүргізу.
Ашық бюджеттердің интерактивті картасы базасына барлық мекемелер бюджеттерінің сапалы енгізілуіне Жарма-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі К. Тулеубаева және Жарма ауданының қаржы бөлімі ММ-сінің басшысы Г. Серикболова мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Ашық бюджеттердің интерактивті картасы -мемлекеттік мекемелердің халық алдындағы есептілігін күшейтетін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің бірі, сондай-ақ ел Президентін алға қойған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына жауап беретін әмбебап құрал.
Осы жобаның жалғасы ретінде өткен жылы «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында Жарма ауданында «Open space» кеңсесі құрылды.
Кеңсе өз алдына халықтың бастамалары мен ұсыныстары мемлекеттік органдарға нақты қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық жобаның ерекшелігі-әр тұрғынның бюджет қаражатынан қалай және қайда жұмсалатындығын көруге, бақылауға және ұсыныстар енгізуге мүмкіндігі бар. Жобалар барлық мемлекеттік органдардың қызметін ашық түрде көрсетеді.