18 тамыз күні Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы Жастар ресурстық орталығында жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың бір-бірімен өзара байланысы, қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру мақсатында жастар белсенділерімен pecha-kucha форматында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ZOOM - платформасы арқылы ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Сахариева Мейргуль Кузаркановна мен ауданның белсенді жастары қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.
Аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша ақпараттық-ағартушылық штабы құрылып, ол Жастар ресурстық орталығының директоры М.Исинаның жетекшігімен түрлі ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде.