
2021 жылғы 19 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Сергеевна Унжакова жұмыс сапарымен Жарма ауданында болды. Әуезов кентіндепутат жаңадан салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысымен танысты, күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимаратын аралап көрді. Бұдан соң И.С.Унжакова Шалабай ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, жоғары заң шығару органының қызметімен таныстырды, сайлаушылар сұрақтарына жауап қайтарды. Мәжіліс депутатының ауданға сапары барысында Жарма ауданы әкімінің орынбасары А. Ибраев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразгалиев бірге жүрді.