
Жарма ауданыбойынша дауыс беру күнінің аяқталуы туралы
2021 жылғы 25 шілдедесағат 20.00-де 12 (саны) сайлау учаскелерінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлаубойыншадауыс беру аяқталды.
Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясы күні бойы сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі бойынша мониторинг жүргізді, ол бойынша ақпарат аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылды. Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі 90,5% құрады.
Жарма ауданында өтініштер мен шағымдар болған жоқ.
Сайлау комиссисының төрайымы