2021 жылдың 25 шілдесіне Жаңғызтөбе, Суықбұлақ кенттері және Шалабай ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалып, әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 27, 28,29,31,32 бабтарына сәйкес жүзеге асады. Мемлекет азаматтарға белгілі бір кандидатты жақтап не қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен, 14 шілде күні 18.01 сағаттан басталады және сайлау болатын күннің алдыңғы күні, яғни24 шілде күні 00.00. сағатта аяқталады.
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен арнайы орындар белгіленіп, жарақтандырылған. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беріліп, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу үшін кездесу кестесі жасалынып, «Қалба тынысы газетінде, аудан әкімінің сайтының «САЙЛАУ» рубрикасында жарияланды.
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда кандидаттың фотосуретімен бір нысанда кандидаттар туралы ақпарат орналастырылады.
Кандидаттардың өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгітті жүргізетін сенім білдірген адамдары болуына құқылы. Кандидаттар, сайлау округіндегі әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санды анықтап, оларды тіркеу үшін Жарма аудандық сайлау комиссиясына хабарлайды. Аудандық сайлау комиисиясы сенім білдірген адамдарды тіркегеннен кейін, оларға тиісті куәліктер береді. Сенім білдірген адамдар комиссия мүшелері не саяси мемлекеттік қызметші лауазымдағы адамдар болмауға тиіс.
Кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық араздықты қоздыру уағыздалмауы тиіс. Сайлау болатын күні және оның қарсаңындағы күні кез келген үгітке тыйым салынады. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулі тұрған баспа үгіт материалдарын сол орындарға қалдыруға болады.
Жарма аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Есенжолова