
Аудан көлемінде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2021 жылдың шілде айының 16-17 күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді.
Акция аясында полиция бөлімінің бастығы, оның орынбасарлары, жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, әкімшілік полиция бөлімшесі және көші қон полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 16-17 шілде күндері Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесі 36 (Жарма АПБ) мекен – жайында санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, онлайн режимінде zharma_police инстаграм парақшасында, тікелей эфирлерде өткізіледі. Өткізу уақыты 10:00,12:00,15:00,17:00.
Осыған байланысты, азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау көрсеткендей жиі қолданылатын сұрақтарға, яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына қатысты, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтауға, сондай –ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңес беріледі.
Жарма АПБ