Жарма ауданында лауазымды тұлғалардың жымқыру фактісіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі бойынша ұсыным қаралды

Жарма ауданында лауазымды тұлғалардың жымқыру фактісіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі бойынша ұсыным қаралды

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.Жалмағамбет Жарма ауданының әкімдігі мен мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен онлайн-жиын өткізді.

Жиын барысында "Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бухгалтері аз. М. ақша қаражатын жымқыру фактісіне қатысты қылмыстық істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою үшін енгізілген ұсыным қаралды.

Осылайша, Е.Жалмағамбет кеңес қатысушыларына аз. М. "Қарасу ОМ" КММ және "Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ бухгалтері бола отырып, 2011-2019 жылдар аралығында өзінің карточкалық шотына 2 млн. теңгеден астам қаражат аудару арқылы бюджеттік қаражатты жымқырған.

Сондай-ақ,  аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың негізгі себептерінің бірі алдын алу сипатындағы тиісті шаралар қолданбаған тікелей басшылық тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылатынын, бұл аталған бөлімше қатарындағы тәртіптің әлсіреуіне және қылмыстық заңнаманың бұзылуына әкеп соққанын атап өтті.

Осыған байланысты, Департамент басшысы Жарма ауданы әкімдігінің және мемлекеттік органдарының басшылық құрамымен және қызметкерлерімен осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар өткізуді және оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ережелердің нормаларын түсіндіруді, Жарма ауданы білім бөлімінің және Жарма ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуін жыл сайынғы тексеру кестесін бекітуді, Жарма ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде "1С-бухгалтерияны" қолдануды және қолданысқа енгізуді ұйымдастыру, бухгалтерлерді "1С-Бухгалтерия" арнайы курстарына жіберу,

сондай-ақ, ҚМУ басшыларын ЭЦҚ қолданудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылатын ЭЦҚны пайдалануды оқыту бойынша арнайы курстарға жіберуді ұсынды.

Профилактикалық жұмысты күшейту аясында осындай ұсыныстар әрбір қылмыстық іс бойынша енгізіледі және қылмыс жасаған лауазымды адам тікелей жұмыс істеген мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарында қаралады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін "1424" Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.