2021 жылдың 4 мамырында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №6 шешімімен 2021 жылдың 8 маусымына Жарма ауданы, Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.
2021 жылғы 24 мамырда Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасымен 3 кандидат тіркелді. Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 24 мамырдағы №7 шешімі негізінде Белтерек ауылдық округін сайлау 2021 жылғы 3 маусымға ауыстырылды.
Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы негізінде, 2021 жылғы 3 маусымда өткен Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері бойынша Белтерек ауылдық округінің әкімі болып Жанақов Мирдос Мұташұлы тіркелді.
Жанақов Мирдос Мұташұлы, 1980 жылы туған, қазақ, Белтерек ауылының тұрғыны, "Жарма-Вет" КМК, Белтерек ауылының ветеринариялық пункт меңгерушісі.