2021 жылы 3 маусымда, Белтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға аудандық мәслихат депутаттары- таңдаушылары қатысты. Белтерек ауылдық округі әкіміне кандидаттыққа тіркелген кандидат М. Жанақовқа 9 таңдаушының 9-ы де дауыс берді. Жарма аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Белтерек ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде Мирдос Мүтәшұлы Жанақов тіркелді.