
Жарма ауданы ТЖБ-і – суға шомылу маусымы кезеңіндегі судағы қауіпсіздік ережелері туралы.
Жаздың басталуымен, жаздың ыстық күндерінде адамдар тоғандарға асығады. Салқын суға шомылу, ыстық құмға жату, көл немесе өзен жағасында серуендеу өте үлкен рахат. Мұндай демалыс кезінде су тек дос қана емес, сонымен бірге оның үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Тіпті тыныш су беті, айқын қауіпсіздікке қарамастан, қауіп-қатерге толы.
Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі - қауіпті дұрыс бағаламау, жүзе алмау, өз күштерін көп бағалау және дүрбелеңге түсу. Сондай-ақ, жиі қайғылы жағдайға алыс қашықтыққа жүзу, алкогольдік ішімдік күйінде болу, дауылды ауа-райында шомылу, дененің гипотермиясы, бұлшықет спазмы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, бала күтімінің болмауы, биіктіктен секіру сияқты себептер болады. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жабдықталған жағажайда қамтамасыз ету оңай.Су - адамның жақсы досы және одақтасы, ол демалудан барынша рахат алуға және денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Бірақ сонымен бірге ол жеңіл ойлыққа жол бермейді және жоғары қауіп көзі болуы мүмкін. Жеңіл ойлықтың салдары ең ауыр болады.Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, Жарма ауданы ТЖБ-і барлық тұрғындары мен қонақтарды қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін оқып үйренулерін және есте сақтауларын сұрайды:
- тек жабдықталған жағажайларда және суға шомылу үшін арнайы рұқсат және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;
- жүзе білмей, белдеуден жоғары суға кірмеңіз;
- суға түсу кезінде бір-бірінді жоғалтпаңыздар;
- жағалаудан алысқа бораның және қоршау белгілерінің сыртына жүзбеңіз;
- жүзе алмасаңыз, жүзу үшін дөңгелектерді, үрлемелі матрастарды пайдаланбаңыз;
- жақын келе жатқан катерлерге, қайықтарға қарай жүзбеңіз;
- қайықтан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- тым ұзақ суға түспеңіз, салқындау және шаршау болуы мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйінде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз баға жетпес өмірімізді сақтаймыз.
Жарма ауданы ТЖБ –і