
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 1.Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру. 2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру. 3."Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
1.Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін); жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты, азықтарды тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі; Сараптама актісін (сынақ хаттамасын): өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары бар болған кезде; Мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнімнің сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берген сәттен бастап 1 (бір ай) ішінде оны пайдалану кезеңінде зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес болған кезде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай бойы пайдалануға жол беріледі; иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі; Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда); ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: көрсетілетін қызметті беруші ветеринариялық сертификат алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; саламатсыз және буферлік аймақтарда белгіленген компартменттерді қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің осы аймақтардан шығуы; импортаушы елдің Қазақстан Республикасынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізуі; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкес келмеуі; тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) экспорттау кезінде); Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) Біріңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және олардан өндірілген өнімдердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетілуі; көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық сертификат алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық сертификат алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы
Бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы: Махметов Нұржан Маратұлы