
ҚР АШМ АӨК МИК Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235- V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып Жарма ауданының өсімдік шаруашылығы бағытындағы шаруашылық иелеріне төмендегіні хабарлайды;
Карантиндік объектілерге қарсы күресу шараларын орындау үшін бақылау алгоритмі;
1. «РФД және БӘО» РММ карантиндік объектілердің анықталуы туралы
ақпаратты күнделікті жедел түрде көрсетеді. «РФД және БӘО» РММ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға (келесі – инспектор) зерттеу Актісінің 1 данасын береді. Актіде участок координаттары, залалданған және залалдану дәрежесі га көрсетіледі. Лауазымды тұлғаның қолы мен мөрі қойылмаған актілер қабылданбайды.
2. Зерттеу Актісінің негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік
инспекторы Кәсіпкерлік Кодекстің 140-бабы, 3-тармағы, 10-тармақшасына, «Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін материалдық, техникалық құралдарды пайдалану Ережесінің» 2, 12, 16 тармақтарына сәйкес құқықтық статистикалық органдарға тіркемей тексеру жүргізуге құқылы. Тексеру актісінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау Ережесінің 11 қосымшасы арқылы акті рәсімделеді.
Өсімдіктер карантині бақылау жүргізу актісінде қажетті карантиндік фитосанитариялық шаралардың уақытылы орындалуы жазылады. Орындау мерзімін орындау үшін субъектінің ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық жағдайы есепке алынады, бірақ он күнтізбелік күннен кем болмайды (Кәсіпкерлік Кодекстің 152-1 бабы).
3. Нұсқаманы орындамағаны үшін өсімдіктер карантині жөніндегі
Мемлекеттік инспекторы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462-бабы, 3-тармағына сәйкес хаттама толтырылып, осы Кодекстің 684-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік іс сотқа беріледі.