
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Бұл заң тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғауды ғана емес, сонымен қатар сатушылардың (өндірушілердің, орындаушылардың) міндеттерін де реттейді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі тұтынушылардың өтініштерін қарау, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешеуге консультациялық көмек көрсету болып табылады.
2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне 97 өтініш келіп түсті, оның ішінде 53-жазбаша, 30 – «жедел желі» телефоны бойынша, 8 - азаматтарды қабылдау арқылы және 6-жеделхат-бот арқылы. Аталған өтініштер бойынша Департамент қызметкерлері өтініштерді қарай отырып, шағымдарды құрастыруда кеңестер мен көмек көрсетеді.
ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті бірнеше өтінішті қанағаттандырды. Негізінен өтініштер бөлшек сауда саласында түседі. Мысалы, тұтынушылар тұрмыстық техниканы сатып алу кезінде (ноутбук, тоңазытқыш, кір жуғыш машина) өнімдегі кемшіліктерді анықтайды, бұл әртүрлі себептер болуы мүмкін, яғни ноутбук қосылмады, приставканы сатып алғанда джойстик сыйлық ретінде берілуі керек еді, смарт-сағат жұмыс істемейтін болды, бойлер ағып кетті және тағы басқалары. Сатып алу орындарына жүгінген кезде тұтынушыларға тауарды айырбастаудан немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай қаражатты қайтарудан өз бетінше бас тартылады. ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне жүгінген кезде ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес тұтынушылардың құқықтары түсіндіріледі, сотқа дейінгі шағымды дұрыс құрастыруға және шағымды ұсыну тәртібіне көмек көрсетіледі. Көп жағдайда кәсіпкерлерге шағым берген кезде тұтынушылардың өтініштері оң нәтижемен қаралады.
Сондай-ақ интернет-сауда, жиһаз дайындау, тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша қызметтер көрсету салаларында микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын, олар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына байланысты 2020 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін осы субъектілерге бару арқылы тексерулер жүргізуге мораторий енгізілген өтініштер келіп түседі.
«Lyazza» ЖШС және «Gesund Leben» ЖШС қызметкерлеріне массаждық жамылғыны сатып алу бойынша өтініштер жиі келіп түседі, онда тұтынушыларды презентацияға шақыру арқылы, тауардың аналогтары мен қарсы көрсетілімдері жоқ бірегейлігі туралы ақпаратты ұсынады. Сеніміне кіре отырып, ақшамен төлеу немесе несие беру арқылы тұтынушылар массаждық жамылғының иесі болады. Келесі күні тұтынушылар осы сатып алуды қарастырып немесе дәрігермен кеңескеннен кейін ақшаны қайтарудан бас тартады.
Бұл өтініштер тек ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне ғана емес, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге де келіп түседі, олар сотқа дейінгі және сот тәртібімен шешіледі.
Тұтынушылар өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне хабарласа алады (Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, телефон 8/7232/267207, эл.мекен-жайы: dzpp.vko@mti.gov.kz).
Сондай-ақ, Сіздің назарынызды кез-келген тұтынушы www.e-tutynushy.kz сайтқа компьютер немесе мобильді қосымшасы арқылы кіріп алатындығына және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өз өтінішін жібере алатынына аударғымыз келеді.
Өз құқықтарыңызды қорғаңыз және сауатты тұтынушы болыңыз!