
Өрттің қуаты әрі өршігіш, әрі қауіпті. Бүгінде өртке қарсы күрес мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Себебі өртті сөндіргеннен оның алдын алған оңай. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі мәселелерімен тек қана қажетті қару-жарағы мен техникасы бар мамандар ғана емес, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ерікті өрт сөндіру күзет қызметкерлері, ауылдық жерлерде ашылған өрт сөндіру бекеттері де айналысады. Әрбір адам оттың жануына жол бере отырып өзінің өмірін, денсаулығы мен материалдық әл-ауқатын зор қатерге тігетінін түсінуі тиіс.
Осыған орай, Жарма ауданы ТЖБ -і, сізге ормандағы өртқауіпсіздігінің жалпы ережелерін ЕСКЕ САЛАДЫ:
-алауды орманда аса қажетті кезінде және арнайы бейімделген жерде жағыңыз;
-алауды айқындалған қолданымдағы ережелер бойынша жағыңыз;
-алауды мұқият өшіріңіз;
-өшірілмеген темекі тұқылын және сіріңкені ойланбай тастаудан аулақ болыңыз;
-орманда жанудың кішкене белгісін байқасаңыз, оны өшіру бойынша барлық шараларды қолданыңыз;
-болған жағдайды орман қызметкерлеріне айтуды ұмытпаңыз;
Егер өзіңіз өртті өшіре алмай жатсаңыз, бұл туралы «101» және «112» телефон номерлеріне қоңырау шалып хабарлаңыз. Аталған номерлерге желіден тыс кезінде де қоңырау шалуға болады.
Жарма ауданы ТЖБ -і