- Суға шомылатын жерді, оның тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріңіз;
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз;
- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;
- 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;
- Аяқ-қолыңыздың сіңірі тартылған жағдайда сасқалақтамаңыз, су бетінде қалып, адамдарды көмекке шақыруға тырысыңыз;
- Мас күйде суға шомылуға болмайды;
- Қоршау белгілерінен тыс аумаққа шықпаңыз;
- Техникалық ескерту белгілерінің үстіне шықпаңыз.
Неге тыйым салынады?
- Суға түскен кезде иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, қайық, кемелерге көп жолаушы мен ауыр жүк алуға болмайды.
- Балалармен бірге демалған кезде оларды қараусыз қалдырмау керек.
- Бассейн, теңіз бен көлдерге мас күйде шомылмау қажет. Қайықта жүзіп келе жатқанда орын ауыстырып, бір қайықтан екіншісіне ауыспаған жөн. Қайықтан, катамараннан тікелей суға түсуге және моторлы кемелерге жақындауға болмайды.
- Қайық, кемелерді түнгі уақытта пайдалануға тыйым салынады. Бұл – адам өмірі үшін қауіпті.
Суда аяқ-қолдың сіңірі тартылса, не істеу керек
- Суық суда шомылу аяқ-қол сіңірінің тартылуына әкеп соғуы мүмкін. Егер ондай жағдайға тап болсаңыз, төмендегі іс-әрекеттерді жасаңыз:
- егер сіңір тартылса, жүзуді тоқтатып суға шалқадан жатыңыз;
- қолыңыздың сіңірі тартылса, жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз;
- балтыр бұлшық етінің сіңірі тартылғанда, қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз немесе аяғыңызды судың астына созып, бармақтарды алға иіңіз. Кейін балтырыңызды сылаңыз.
Алғашқы көмек көрсету жолдары
- Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін оған тезірек оттегі беру шарт. Сондықтан зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Тамыры соқпаса, ауызбен дем беру қажет.
Жарма ауданы ТЖБ -і