2021 жылдың 5 ақпанында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №4 шешімімен 2021 жылдың 10 наурызына Қызылағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.
2021 жылдың 22 ақпанында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасымен 3 кандидат тіркелді.
2021 жылдың 5 наурызында 1 кандидаттың өз өтініші негізінде кандидатурасы алынды.
2021 жылдың 10 наурызында өткен Қызылағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына сәйкес, Қызылағаш ауылдық округінің әкімі болып Өмірзақов Анарбек Арынұлы тіркелді.
Өмірзақов Анарбек Арынұлы, 1960 жылы туған, қазақ, Қалбатау ауылының тұрғыны, "Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сінің бас маманы.